11 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы №709

313 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
2015 жылғы 28 желтоқсан,  Астана қаласы «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 374 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11634 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 205 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11077 болып тіркелген) бекітілген «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.»; 5-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын; 6-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын; 3 бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы»; 7-тармақта: бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері қатысады:»; 1) тармақша алынып тасталсын; 8-тармақта: 1) тармақша алынып тасталсын; он бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимыл) бірізділігін сипаттау осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.»; «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Н.Нүсіпов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарымда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы С.Н. Нүсіповке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.СӘРІНЖІПОВ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №709 бұйрығына 1-қосымша «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша Әр іс-қимылдың ұзақтығы көрсетілген әр рәсімнің (іс-қимылдың) өтуі туралы блок-сызба Өтінімнің көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтінім түскен кезден бастап он бес минут ішінде кіріс хат-хабарларды тіркеу журналында тіркелуі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарастыруға беру ↓ Өтінім түскен кезден бастап екі сағат ішінде өтінімді көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қарастыруға беру ↓ Өтінім түскен сәттен бастап екі сағат ішінде өтінімді мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама басқармасының басшысына қарастыруға беру ↓ Өтінім түскен сәттен бастап екі сағат ішінде өтінімді орындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама басқармасының қызметкеріне беру ↓ Өтінім түскен күннен бастап күнтізбелік жиырма тоғыз күн ішінде өтінімді қарау, оны өңдеу және МҒТС объектілерінің электрондық нұсқалары деректерінің банкіне және МҒТС объектілері бойынша деректер базасына енгізу ↓ Өтінімді МҒТС объектілерінің электрондық нұсқалары деректерінің банкіне және МҒТС объектілері бойынша деректер базасына енгізгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде сарапшыларды іріктеу және олармен МҒТС жүргізу бойынша қызмет көрсету туралы шарттар жасау ↓ Сарапшылармен МҒТС жүргізу бойынша қызмет көрсету туралы шарттар жасалғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде МҒТС қорытындысын дайындау ↓ МҒТС объектілері бойынша МҒТС нәтижелері барлық МҒТС объектілері бойынша МҒТС жүргізілгеннен кейін күнтізбелік үш күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында жариялау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №709 бұйрығына 2-қосымша «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 қаңтардағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12945 болып енгізілді.